Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекеттік кеңесші республикалық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесу өткізді

Бүгiн, 21:25
132
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Ерлан Қарин Астанадағы Достық үйінде республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басқосуға Зайнуддин Махусеев, Акбаржон Исмаилов, Тауфик Каримов, Наринэ Микаелян, Ахмет Мурадов, Юрий Тимощенко, Абдулла Исматуллаев, Шавкат Исмаилов, Дмитрий Останькович, Абилфас Хамедов, Виталий Тварионас, Исидор Борчашвили, сондай-ақ Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Закиржан Кузиев, Евгений Больгерт, Сергей Пономарев, Наталья Дементьева және Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қатысты.

Кездесуде Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында айтылған бастамалар мен этномәдени бірлестіктердің елдегі саяси жаңғырудың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік кеңесші жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның еліміздің орнықты дамуында маңызы зор екенін атап өтті. Ерлан Қариннің айтуынша, мемлекеттік саясаттың "Бірлігіміз – әралуандықта" мызғымас қағидаты қоғамдық бірліктің негізі болып саналады.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері Мемлекет басшысының мәдени-гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттағы бастамалары мен шешімдері, сондай-ақ Құрылтайдың бесінші отырысында айтылған ұсыныстар ел дамуының жаңа кезеңіне қатысты тұтас көзқарасты қалыптастыратынын жеткізді.

Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері Президент бастамаларын қолдайтындарын білдіріп, алдағы реформаларды іске асыруға белсенді түрде қатысуға дайын екендерін айтты.

Өзгелердің жаңалығы