Қарин балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жиын өткізді

Бүгiн, 15:53
153
Бөлісу:
Қарин балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жиын өткізді
Фото: Ақорда

Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақорданың мәліметінше, басқосуға Оқу-ағарту министрі, сондай-ақ Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ішкі істер министрліктерінің, Бас прокуратураның, Президент әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

Мемлекеттік кеңесші қазіргі таңда балаларды қорғау үшін мемлекет тарапынан бірқатар пәрменді шара қабылданып жатқанына назар аударды. Атап айтқанда, мектеп психологтарының, әлеуметтік педагогтердің және психологиялық қолдау орталықтарының кадрлық құрамы күшейтілді. "111" қызметінің QR-коды әзірленіп, барлық оқу орындарына орналастырылуда. "Киберқадағалау" жүйесі арқылы интернеттегі зиянды контент жойылып жатыр, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Ерлан Қарин былтыр мемлекет бірнеше жедел әрі стратегиялық шаралар қабылдағанын, соның нәтижесінде балалар арасында өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалары айтарлықтай азайғанын атап өтті.

Мемлекеттік кеңесші осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиісті шаралар қабылдауды үйлестіру жөнінде тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы