Мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі туындаса, біртұтас пікірде болу маңызды

6 Қаңтар 2021, 10:30
2237
Бөлісу:
Мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі туындаса, біртұтас пікірде болу маңызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, экономика ғылымдарының докторы, доцент Мейрам Бегентаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласына қатысты пікірін білдірді. 

Президент еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттің біртұтастығын барлық қол жетімді тәсілдермен қорғайтынымызды және сақтайтынымыз жайлы атап айтты. Мен мемлекеттік қауіпсіздік және өзіміздің салт-дәстүрлерімізді сақтау мәселесі туындаса біртұтас пікірде болу маңызды деп санаймын. Біздің көпұлтты қоғам, бейбітшілік пен тыныштығымыз – еліміздің басты байлығы, - деп атап өтті ол.

Оның пікірінше, кез келген ұлтшылдық белгілері бойынша үстемдік таныту адамның надандығының белгісі. Өкінішке қарай заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар өзін-өзі дамыту мен білім алу үшін үлкен мүмкіндік беретініне қарамастан, өзгені жақтырмау, күдікпен қарау өзекті мәселе болып қалып отыр. 

Сондықтан мен ел Президентінің көзқарасын толығымен қолдаймын, себебі мақалада білім беру жүйесінің міндеті тек жастарға білім беру ғана емес, сондай-ақ оларды Қазақстанның тәуелсіздігінің отыз жыл бойы сіз бен біздің көз алдымызда қалыптасқан қазақстандық ұлттың тарихи құндылықтарын құрметтеуге, отан сүйгіштіке тәрбиелеу екені баса айтылған, - деді ол. 

Доценттің айтуынша, жастардың көпшілігі еліміздің тәуелсіздігін мемлекеттің қалыпты жағдайы ретіндегі қабыл алып, Қазақстанның әлем картасында пайда болуына әкеліп соққан тарихи оқиғалардың тек шет шағасын естіп білуде. 

Отыз жыл тарих үшін уақыттың аз ғана бір бөлігі. Бірақ осы аз уақыт ішінде тәуелсіздік декларациясын қабылдаудың алғышарты болған оқиғалардан мүлдем бейхабар қазақстандықтардың бүтін бір ұрпағы дүниеге келіп, тәуелсіздік нәрімен сусындап өсті. Біз, Қазақстанның барша халқы, тек өткенімізді біліп қана қоймай, келесі өскелең ұрпаққа қандай жарқын болашақ қалдыратынымызды есте ұстауымыз керек. Президент өз мақаласында осы мәселені өте орынды атап өтті, - дейді Мейрам Бегентаев
Айта кетейік, кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақала жариялады.
Өзгелердің жаңалығы