Мемлекеттік грантты ұсыну бойынша конкурсқа қатысу мерзімі ұзартылды

8 Сәуір 2020, 13:45
1459
Бөлісу:
Мемлекеттік грантты ұсыну бойынша конкурсқа қатысу мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конкурсқа қатысу үшін үкіметтік емес ұйымдардан өтініш қабылдау мерзімі 2020 жылдың 17 сәуіріне дейін қайта ұзартылды.


Алматы қалаларында және Қазақстан Республикасының өзге де аймақтарында ерекше режимнің а.ж. 13 сәуіріне дейін ұзартылуына байланысты "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ (бұдан әрі - Орталық), Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №507 бұйрығымен бекітілген, үкіметтік емес ұйымдарға грант ұсыну жоспарының негізінде 2020 жылдың 5 наурыз күні жарияланған конкурсқа қатысу үшін үкіметтік емес ұйымдардан өтініш қабылдау мерзімі 2020 жылдың 17 сәуіріне дейін қайта ұзартылғанын хабарлайды, - делінген ақпаратта.

Орталық конкурсқа қатысуға өтініштер қабылдауды 2020 жылдың 17 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 18:00-де аяқтайды. Көрсетілген мерзімнен кеш келіп түскен ақпараттар мен құжаттар есептелмейді және қарастырылмайды.
Сонымен қатар, Орталықпен өтінімдердің қағаз нұсқасын қабылдау келесі мекен-жай арқылы 2020 жылғы 13 сәуірден бастап жүзеге асырылатындығын мәлімдейміз: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30, "Astana Apartments" бизнес орталығы, 2 қабат, 211 кабинет, - делінген ақпаратта.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдеріңізді жасақтау барысында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №413 Бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларының талаптарымен мұқият танысуларыңызды және қағиданың келесі талаптарына сәйкес келуін тексеру сұралады.


Өзгелердің жаңалығы