Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жекелеген экспорттық позициялар бойынша бағаның төмендеуіне қарамастан, мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 102,0%-ға, республикалық бюджетке 100,5%-ға және жергілікті бюджеттерге 106,3%-ға орындалды.
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен 2019 жылдың 9 айындағы мемлекеттік кірістер органдары қызметінің қорытындысына арналған алқа отырысында мәлім болды.
Алқа жұмысына ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев қатысты.
Мемлекеттік бюджетке 6 301,2 млрд теңге жоспар кезінде 125,3 млрд теңгеге асыра орындала отырып, іс жүзінде 6 426,5 млрд теңге түсті, оның ішінде:
- Республикалық бюджетке жоспардағы 4 675,1 млрд теңге болғанда 22,3 млрд теңгеге асыра орындала отырып, 4 697,5 млрд теңге түсті;
- Жергілікті бюджетке 1 626,0 млрд теңге жоспармен 103,0 млрд теңгеге асыра орындалып, 1 729,0 млрд теңге түсті.
Биылғы жылдың 9 айында камералдық бақылау нәтижелері бойынша 94 млрд теңге өндірілді.
Тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалған кедендік тексеру бойынша анықталған бұзушылықтар саны 8,8 мың адамды құрады.
Халықаралық валюта қорының салық сарапшылары өткізілген кездесулердің нәтижелері бойынша салық және кедендік бақылауды жүргізу үшін мінез-құлық факторлары негізінде салық төлеушілерді іріктеу кезінде тәуекелдерді басқару әдістерін белсенді қолданатын ретінде МКК бақылау функцияларына баға берді.
"Атап айтқанда, биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бақылау нәтижесінде бюджетке 165 млрд теңге сомасында түсімдер қамтамасыз етілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 59 млрд теңгеге немесе 55,2%-ға артық", - делінген ведомство хабарламасында.
2019 жылдың 9 айында "АСТАНА-1" жүйесінде 349 934 тауар декларациясы шығарылды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім - 13%-ды құрады.
Жалпы салмағы 172,4 млн тонна тауарлардың статистикалық құны 104,7 млрд АҚШ долларын құрады.
"Жасыл" және "көк" дәліздің үлес салмағы 72%-ды құрады. "Сары" дәліз арқылы тауар шығару 16,1%-ды құрады, "қызыл" дәлізде 11,9%-ды құрады.
Бірқатар заңбұзушылықты Акцизделетін өнімдерді сату саласында мемлекеттік кіріс органдары анықтаған. 2019 жылдың 9 айында алкоголь өнімі айналымынан 5 306 мың литр заңсыз алкоголь өнімі анықталды.
Мұнай өнімдерінің айналымы саласында 275 745 мың теңгеге 2 190 тонна заңсыз мұнай өнімдері анықталды. Олар бойынша айыппұл сомасы 24 315 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ, айналымнан заңсыз әкелінген 937 368,4 мың теңге сомасына 2 343,4 мың дана темекі тәркіленді.
Мемлекеттік кірістер комитеті көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жоспарлы автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өту қажет:
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің биылғы жылдың соңына дейін 80%-ын;
- 2020 жылы 90%-ын электрондық форматқа ауыстыру жоспарланып отыр.
"Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бірінші кезекте салық төлеушілермен байланысты азайтады, адам факторын болдырмайды және мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдеріне қашықтықтан бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік кіріс органдары көрсететін 45 мемлекеттік қызметтің 34-і автоматтандырылды (75%).
Жалпы, 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша республика бойынша 16,5 млн қызмет көрсетілген, оның ішінде 90,6%-ы немесе 14,9 млн қызмет электрондық тәсілмен көрсетілген.