Мемлекеттік басқару саласына зерттеу керек – Саясат Нұрбек

24 Ақпан 2023, 14:18
1159
Бөлісу:
Мемлекеттік басқару саласына зерттеу керек – Саясат Нұрбек
Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі баспасөз қызметі

Бүгін меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл меморандум ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен «Мемлекеттік басқару», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Адами ресурстарды басқару» бағыттары бойынша маман даярлайтын қазақстандық жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастыққа жол ашады.  

Бүгінгі меморандум мемлекеттік қызметті басқаруды дамытуға, мемлекеттік қызмет саласын модернизациялауға, HR технологиялар мен құралдарды кеңінен қолдануға негіз болатынына сенімдімін, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов өз сөзінде.

Ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде мемлекеттік басқару саласы, HR қызметі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуі керек екенін айтады. 

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен және Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесе отырып, білім бағдарламасын жаңартуымыз қажет. Бірлескен жұмыстың аясында магистранттар мен докторанттар мемлекеттік қызмет жүйесі, HR қызметі бойынша қолданбалы зерттеулермен айналысатын болады, – деді министр. 

Меморандум аясында ортақ зерттеулер жүргізу, білім беру бағдарламаларын бірлесе әзірлеу және қолданысқа енгізу, мемлекеттік басқару және HR саласы бойынша сарапшылар пулын құру жоспарланған. 

«Бүгін жоғары оқу орындарының ректорларымен және өкілдерімен кездесіп, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру процесін кадрлық және эксперттік қамтамасыз ету бойынша маңызды мәселелерді талқыладық. Университеттердің әлеуетін біріктіру және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарын іске асыруға септігін тигізед», – деді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл.

Айта кетейік, құжатқа қол қою рәсімінен кейін тараптар Меморандум аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар бойынша дайындалған Жол картасын талқылады. Енді жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары мемлекеттік органдарда практикадан және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.

Өзгелердің жаңалығы