Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин өзінің телеграм-каналында жазды.
Қазіргі таңда мемлекеттік басқару жүйесінің түрлі деңгейінде Президенттік жастар кадрлық резервінен 164 адам еңбек етуде. Орталық мемлекеттік органдарда – 90, жергілікті органдарда – 41, ұлттық компаниялар мен басқа ұйымдарда – 33 резервші жұмыс істейді. 12 резервші жоғары басшылық лауазымдарда өздерін көрсетуге мүмкіндік алды, - деді ол.
Ерлан Қарин резервшілер үшін олардың кәсіби дағдылары мен құзыреттерін қосымша жетілдіретін жеке даму жоспарлары әзірленгенін атап өтті.
Мемлекеттік басқару академиясының базасында олар үшін оқыту жүргізіледі, Президент Әкімшілігінің, орталық мемлекеттік органдардың басшылығымен кездесулер ұйымдастырылады. Жастар кадрлық резервін қалыптастыруға Мемлекет басшысы өткен жылы өзінің сайлауалды тұғырнамасы шеңберінде бастамашылық жасаған болатын. Жоба өзінің тиімділігін көрсетеді. Президенттің ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қызметі шеңберіндегі тағы бір маңызды бастамасы партиялық сайлау тізімдерінде жастарға арналған 30% квотаны енгізу болды. Бұл норманы енгізу нәтижесі алдағы Парламент пен мәслихаттар сайлауының қорытындысынан көрініс таппақ, - деді Қарин.
Оқи отырыңыз: