Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды

21 Тамыз 2019, 17:42
3382
Бөлісу:
Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Әлтайыр Ахметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды;

Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды", - делінген Өкімде.

Өзгелердің жаңалығы