Мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа кітап басылып шықты

28 Маусым 2019, 14:15
2563
Бөлісу:
Мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа кітап басылып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасының аясында «Ақтөбе облысының топонимикалық және антропонимикалық сөздігі» басылып шықты.

Кітап Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша шығарылыпты. Сөздікте 1000 атауға, оның ішінде 720 топоним мен 280 антропонимге анықтама берілген. «Жоба «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты бойынша жүзеге асырылды.

Бұл – Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын сақтау бойынша көпжылдық жүйелі жұмысының бір көрінісі", - дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері. Ғылыми зерттеу негізінде жасалған сөздік – облыс аумағындағы атаулар жөнінде қысқа, нұсқа ақпарат берудің көзі болып саналады. Топонимдер мен антропонимдер қоғам өмірі, халық тіршілігімен тығыз байланысты.

Сол себепті аталмыш еңбек ғылыми-тарихи маңызға ие. Кітап әдебиеттанушы, тілші, тарихшы, географ ғалымдарға, музей, архив қызметкерлеріне, орта, орта арнаулы және жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттарға, докторанттарға, оқушыларға, мұғалімдерге, өлкетанушыларға арналған.
Өзгелердің жаңалығы