Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қызылорда қаласында мемлекеттік бағдарламалар аясында бірқатар мектепке жөндеу жүргізіледі.
Облыс орталығында 54 мeктeп болса, осы жылы оның 8-іне күрделi жөндеy жұмыстары жүргiзiлyде. Соның ішiнде "Жұмыспeн қамтyдың жoл каpтаcы – 2020" бағдарламасының негізінде төрт білім беру ғиматтары – № 173, 112, 43, 23, сондай-ақ, екі балабақша күрделi жөндеyден өтпек. Ал респyбликалық "Аyыл – ел бесiгi" бағдарламасының аясында Ақсyат аyылдық окрyгiндегі №143 мектебi қайта жаңғыртылyда. Сондай-ақ № 4, 1, 176 мектептердiң есiк-терезелерi, шатыры жаңаланып жатыр. Бұл 3 мектепке Жапон мемлекетiнің Халықаралық жобалары арқылы 70 миллион теңгеден астам қаржы бөлiнген.
Мәселен, "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасының шеңберінде күрделi жөндеy жүргізіліп жатқан мектептердің бірі – Ж. Қизатов атындағы №23 мектеп. 1985 жылы салынған мектеп осы кезге дейін жөнделмеген. Есiк-терезесi ескiрген, ауызсy, кәрiз, жылy жүйелерiнің тозығы жетiпті. Ғимарат сыртының сыры кетіп, ажары қашқан. Қаланың шетінде орналасқан Ә. Молдағұлова атындағы № 173 мектеп болса 44 жыл бойы жөндеy көрмеген. Бұл мектептің мәселесі де мемлекеттік бағдарлама аясында шешіліп отыр. Мердiгер компаниялар жұмысты тамыз айында аяқтайды, яғни мектептер жаңа оқу жылына дайын болады, – дейдi қалалық білiм бөлімi басшысының мiндетін атқарyшы Парасат Жаңабергенов.
Сонымен бірге, "Жұмыспен қамтyдың жол картасы – 2020" бағдарламасының арқасында "Бәйтерек" шағын ауданында жаңа мектеп салынып жатыр.
"Бәйтеректе" құрылысы жүріп жатқан 600 орындыққа арналған мектеп алдағы жылы пайдалануға беріледі. Осы ауданда тұратын балалар әл-Фараби шағын аyданы және Досан аyылындағы мектептерге қатынап оқып жүр. Сондықтан осы жобаның іске асуы аса маңызды болып отыр, – дейдi Парасат Жаңабергенов.
Одан бөлек, "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде Титов қыстағындағы 16 көшеге, әл-Фараби – 18 көше, КБИ – 14 көше, Шанхай, Гагарин қыстағындағы 2 көшеге малтатасты жол төселеді. Қала көшелерінде жол жөндеу жұмыстары да қызу жүргізіліп жатыр. Ал 3 аумақта балаларға арналған 3 стритбол алаңы салынады. Сонымен қатар, тозығы жеткен кәріз жүйелері, жылу құбырлары жаңартылады.
"Жұмыспен қамтyдың жол картасы - 2020" бағдарламасының бiр бағыты – пандемия кезiнде жұмыссыз қалған азаматтарды жұмыспен қамтy. Сондықтан жасалып жатқан жобалардың сапасына ғана емес, жергiлікті тұрғындардың жұмысқа орналасуын да қалалық әкiмдік қатаң қадағалап отыр, – дейді қала әкімдігі баспасөз қызметінің өкілі Балгүл Мәмен.