Мемлекеттік аудит сапасын арттыру іске асырылып жатыр

19 Ақпан 2021, 11:17
1286
Бөлісу:
Мемлекеттік аудит сапасын арттыру іске асырылып жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «ҚР Қаржы министрлігінің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері» тақырыбындағы министрліктің алқа мәжілісінде айтты.

Министр халықаралық нормаларға сүйене отырып өткен жылы аудитерлік қызмет жөніндегі заңға түзету енгізілгенін атап өтті.  

Ол инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталды. Заң ҰКП-мен жасалуда және нарықтағы барлық қатысушылардың мүддесі қамтылмақ, тек аудит кезіндегі жанжалдан өзгесі. Осы жылы аудиттік қызмет бойынша кәсіби кеңес құрылады, оның құрамына сапаны бақылау комитеті, білікті мамандар және апеляциялық комиссия кіреді. Тәуекелдерді басқару жүйесі мемлекеттік аудитті жақсартудағы басты құрал. Ол заң бұзатын нысандарда аудит жүргізу кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді, - дейді министр. 

Сонымен қатар ол электронды мемлекеттік аудитті дамыту мақсатында алдағы уақытта талдау жүргізетін платформа енгізілетінін жеткізді. 

Ол бюджеттік процесті кеңінен қамтиды. Тәуекел операциялар қашықтан басқарылатын мемлекеттік аудитпен жедел оңтайландырылады. Министрліктің мақсаттары мен міндеттері елдің стратегиялық даму жоспарын Мемлекет басшысының барлық бастамалары мен Жолдауларын және Nur Otan патиясының сайлауалды бағдарламаларына бағытталған, - деді Жамаубаев.

Өзгелердің жаңалығы