Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында 2019 жылдың 9 айында бюджет қаржысына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесін баяндады.
"Есепті кезеңде 593 млрд теңге бюджет қаражаты 2 522 аудиторлық іс-шарамен қамтылды. Жалпы сомасы 174 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның 163 млрд теңгесі аудит барысында қалпына келтірілді. Жүргізілген камералдық бақылаудың нәтижесінде 547 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтарға жол берілмеді", - деді Смайылов Үкімет отырысында.Ол 2019 жылдың 9 айындағы бюджеттің атқарылуының негізгі көрсеткіштерін қорытындылап, 2019 жылға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған параметрлерін уақытында іске асыру және қаржы жылын сапалы аяқтау жыл соңына дейінгі басты мақсаттың бірі екенін айтты.
ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында бюджетті игермей отырған әкімшілерді атағаны туралы хабарлағанбыз.
Сондай-ақ, жыл басынан бері 738 млрд теңге салықтық кіріс түскен.