Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұрат Әбеновтің "Азаматтық сараптама" бағдарламасының тікелей эфирінде "2021 жылы гранттық саясат қалай өзгереді?" деген тақырып талқыланды. Оған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы М.Қожахмет және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Б. Мукина қатысты.
Біз гранттық қаржыландырудың негізгі мәні – үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары мен өзекті мәселелердің шешімін табу үшін көрсеткен жолдарына негізделуі тиіс екенін көріп отырмыз, ал мемлекеттің міндеті - азаматтар мен ҮЕҰ бастамаларын қолдау. Сонда ғана жоғары тиімділік пен сапалы нәтижеге қол жеткізуге болады. Қазір жоспарлау кезінде біз қолданыстағы бюджеттік жоспарлау шеңберінде жұмыс істеуге мәжбүрміз, бұл гранттардың нақты есептері мен нақты міндеттерін болжайды. Қалыптасып қалған осындай тәсілді өзгерту үшін қыркүйек айында біз "Волонтерлік туралы" Заңға өзгерістер енгіземіз және ҮЕҰ 2021 жылы бұл процесті өзгерте алу үшін гранттар бойынша нормаларды енгізуге тырысқымыз келеді. Мемлекеттің қандай да бір ережелерді талап етуде қатып қалған ұстанымы жоқ. Біздің міндетіміз: қоғамның пікірін ескере отырып, бұл процесті төреші ретінде реттеу, - деп атап өтті М.Қожахмет.
Қазіргі уақытта проблемалық мәселелерді шешу үшін гранттық жобалардың ашықтығын арттыру бойынша жаңа тәсілдер пысықталды. Атап айтқанда, сарапшылар тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі регламенттелген. Гранттық жобаларды іске асыру тиімділігін бағалау механизмі бар мониторинг рәсімдері анықталды. Мұның бәрі гранттық қаржыландырудың жаңа ережелерінің жобасында көрініс тапты, - деп атап өтті Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Б.Мукина.
Сондай-ақ, бағдарлама барысында өңірлік жобаларды қалыптастыру кезінде өңірлік қажеттіліктерді ескерудің маңыздылығы туралы ұсыныстар келіп түсті.
Конкурстарды өткізу кезінде ашықтықты арттыру мақсатында жоғары білікті сарапшыларды тарту ұсынылды, бұл ретте гранттарды іріктеу жөніндегі комиссия жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету басты мақсат болмақ.
Сарапшылар пікірінің басым бөлігінде ҮЕҰ гранттарының ашықтығы мен тиімділігіне баса назар аударылды.