Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада 32 жастағы әйел «мемлекеттен пәтер алып беремін» деп 19 адамды алдаған. Полиция басқармасының мәліметінше, 19 тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанын айтып, арызданған.
Арызда былтырдан бері бір азаматша сенімге кіріп, «мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беремін» деп уәде еткені көрсетілген. Жәбірленуші тұрғындарға 20 млн теңгеден астам шығын келген.
Полиция тексеру нәтижесінде, күдікті ретінде 32 жастағы азаматша ұсталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі 1,3,4-тармағымен сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр, – делінген ресми хабарламаларда.
Жыл басынан бері Қызылорда қаласында 322 алаяқтық дерегі тіркелді.