Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекетіміз барда тіліміз ешқашан тұғырдан түспейді. Мемлекетті сақтауымыз, елдің бірлігін ойлауымыз керек – Ерлан Қарин

Жансая ҚАМБАР
Бүгiн, 18:57
99
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияда қазақ тілі ешқашан тұғырдан түспейтінін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа Конституцияда мемлекеттік тіл қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған, айқын бекітілген. Атап айтқанда, жаңа Конституцияның жаңа жобасында "Конституциялық құрылыс негіздері" деп аталатын бірінші бөлімнің 9-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі деп тікелей белгіленген, анық көрсетілген. Яғни бізде мемлекеттік тіл – біреу, ол – қазақ тілі. Басқа мемлекеттік тіл жоқ, - деді Қарин.

Ол мемлекеттік тіл биік тұғырда, өз орнында екенін атады. 

Мемлекетіміз барда ол ешқашан ол тұғырдан түспейді. Демек, сол үшін, ең бастысы, мемлекетті сақтау керек, қорғау керек. Ең бірінші ел бірлігін ойлау керек, - деді Мемлекеттік кеңесші.

Өзгелердің жаңалығы