Мемлекет меншігінде болған 112 нысан сатылымға қойылған

9 Желтоқсан 2021, 10:48
1138
Бөлісу:
Мемлекет меншігінде болған 112 нысан сатылымға қойылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында 112 нысан сатылымға қойылған. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті. 

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 733 нысанды сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 52 млрд теңгеге 197 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді, – дейді министр.

Қаржы министінің атап өтуінше, мемлекет меншігінде болған 112 нысан сатылымға қойылды.

16 нысан қайта ұйымдастыруға және таратылуға жіберілді. Алдағы уақытта 348 нысанды сату керек, – деді Ерұлан Жамаубаев.

Өзгелердің жаңалығы