Коммуналдық қызметтердің тарифі көтерілген жағдайда қазақстандықтар мемлекеттен көмек сұрай алады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкіметте өткен брифингте Бозымбаев көмекті қандай азаматтар ала алатынын айтты.
Тұрғын үй жағынан көмек жалпы шығындары отбасылық кірістерінің 5 немесе 10%-дан асатын отбасыларға тағайындалуы мүмкін. Бүкіл қазақстандықтар бұл мөлшерге жете алмайды, - дейді Қанат Алдабергенұлы.
Вице-премьерге "Төлем алушыларға бюджет қаражаты жете ме?" деген сұрақ қойылды.
Әрине, біз шаруашылықтар мен отбасылардың белгілі бір санын мақсат еттік. Біз оны еңсере аламыз деп ойлаймыз, - деді Бозымбаев.