Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекет басшысын АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды

6 Қараша 2025, 04:03
686
Бөлісу:
 akorda.kz
Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ астанасына сапары барысында сонда білім алып жүрген қазақ студенттері қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жастармен аз-кем әңгімелесіп, олардың оқу жетістіктері мен жоспарлары туралы сұрап білді. Президент студенттерге табыс тілеп, еліміздің дамуына үлес қосуға шақырды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аясында Президент Дональд Трамппен келіссөздер өткізуі және «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысуы жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы