Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды.
Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.