Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімін қабылдады

27 Мамыр 2019, 14:38
1555
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында әділ әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуына басымдық беру керек екенін атап өтті.   

"Облыс басшылығынан аталған мақсаттарға жету бағытында бастамалар мен нақты шаралар қабылдау талап етіледі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысын одан әрі дамыту туралы бірқатар нақты тапсырмалар берді. 


Өзгелердің жаңалығы