Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады

23 Қазан 2024, 18:37
278
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының жаңадан сайланған Президенті Лыонг Кыонгқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Сіздің сайлаудағы жеңісіңізді Вьетнамның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, елдің әл-ауқатын еселеуге және халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған сара саясатыңызға отандастарыңыз көрсеткен қолдаудың айғағы деп білемін. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін Сізбен бірге күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Лыонг Кыонгтың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Вьетнам халқына ырыс пен құт-береке тіледі.

Өзгелердің жаңалығы