Мемлекет басшысы табиғатқа ұқыпты қарауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» бастамасы тек абаттандыруға емес, қоғамдық сананы өзгертуге бағытталғанын атап өтті.

 gov.kz Бүгiн 2026, 14:33
Бүгiн 2026, 14:33
119
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазалық мәдениетін қалыптастыру мен табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасының маңызын және оның қоғамдық құндылықтарды қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

Қоғамда тазалық мәдениеті мен табиғатқа ұқыпты қарау көзқарасын қалыптастыру аса маңызды. “Таза Қазақстан” бастамасының мәні тек қалалар мен ауылдарды абаттандырумен шектелмейді. Оның басты миссиясы – қоғамдық сананы жаңғырту, соның арқасында біз азаматтардың Отан тағдырына бейжай қарамайтын көзқарасын оята аламыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сөзінің тереңірек қоғамдық өзгерістерге бағытталғанын атап өтті.

Тек жауапкершілік, әділдік және өзара құрмет сияқты құндылықтар басым болған жерде ғана өсу мен өркендеу мүмкін. Бұл ұстанымдар барлық өркениетті мемлекеттердің дамуының негізінде жатыр, - деді ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, дәл осындай қағидаттар елдің жаңа Конституциясында көрініс тапқан.

Біз тұрақты даму жолына түстік және жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті елге айналдық. Басты жетістіктеріміздің бірі – адами капитал сапасының жоғары болуы, - деп түйіндеді Президент.

Наверх