Мемлекет басшысы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті

21 Наурыз 2022, 16:24
1855
Бөлісу:
Мемлекет басшысы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылардың шабуылына ұшыраған Алматыдағы «Asia Park» сауда ойын-сауық орталығына барды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Президентке зардап шеккен кәсіпкерлер тарапынан түскен өтініштердің бәрі қарастырылып жатқаны туралы мәлімет берілді. Жергілікті әкімдіктің ақпаратына сәйкес, қазір барлығы 1 236 өтініш қолдау тапқан. Жалпы 6,191 млрд теңге көмекке бөлінді. Сонымен қатар жуық арада шығын көлемі шамамен 20 миллиард теңге болатын тағы 170-ке жуық өтініш қаралатыны айтылды.

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен орта және шағын бизнес өкілдерімен кездесті. Мемлекет тарапынан шығыны өтелген жеке кәсіпкерлер қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті

Президент шағын және орта бизнеске қолдау жалғасатынын, зардап шеккендердің шығыны өтелетінін жеткізді.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен кездесуден кейін нысандағы қалпына келтірілген сауда нүктелерін аралады.

 

Өзгелердің жаңалығы