Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы "2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.