Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

27 Тамыз 2024, 19:01
685
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов және Бас прокурор Берік Асылов қазіргі халықаралық жағдайды ескере отырып, экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудің өзекті мәселелері жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

Отырыс барысында құқық қорғау және арнайы органдар қызметінің терроризмге қарсы күресті күшейту бойынша түрлі аспектілері қарастырылды.

Мемлекет басшысы ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы