Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Борис Ельцин атындағы президенттік кітапханаға келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.
Бүгін, 25 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.