Мемлекет басшысы: Партияға жаңа тұғырнама қажет

1 Наурыз 2022, 12:46
1362
Бөлісу:
Мемлекет басшысы: Партияға жаңа тұғырнама қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезінде «Аманат» партиясына жаңа тұғырнама қажет екенін айтты.

Дамудың жаңа кезеңінде партияға жаңа тұғырнама қажет. Бірақ негізгі құндылықтарымыз өзгермеуі тиіс. Сондықтан жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзірлеуді тапсырамын. Оны партия ішінде мұқият талқылап, келесі съезде бекітеміз, - деп атап өтті Президент.

Бұған дейін съезд жұмысы кезінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Nur Otan партиясы атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынған болатын.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияны «Аманат» деп атауды ресми түрде қолдаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы