Мемлекет басшысы Кореяның жаңа президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ақорда 4 Маусым 2025 2025, 21:35
4 Маусым 2025 2025, 21:35
829
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді Корея Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жандандырып, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Корея халқына құт-береке тіледі.

Наверх