Мемлекет басшысы өңір басшыларына халық мұқтажына жылдам жауап беруді тапсырды

27 Наурыз 2019, 14:21
2104
Бөлісу:
Мемлекет басшысы өңір басшыларына халық мұқтажына жылдам жауап беруді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақордадағы әкімдердің қатысуымен өткен кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қ.Тоқаев атап өткендей, мемлекеттік аппаратпен халық арасында байланысты дамыту өте маңызды. Заманауи коммуникация каналдарын пайдалана отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өңір әкімдері тұрақты түрде халықпен кездесіп, елді мекендерді аралап тұруы керек деп басып айтты.

Бұған дейін,  Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қалыптастыру әдісін қайта қарауды және мемлекет пен бизнестің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар,  Астананың атауын өзгерту – тарихи жаңалық екенін атап өтті. 

 

Өзгелердің жаңалығы