Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекет басшысы Финляндия Президентін құттықтады

Бүгiн, 10:03
68
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Стуббқа Финляндияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент хатта Суоми ұдайы экономикалық өрлеу, әлеуметтік әділдік және экологиялық орнықтылықты тиімді ұштастырып келе жатқан ел екенін атап өткен.

Сондай-ақ Финляндия Президентінің таяуда Астанаға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда нақты нәтижелерге жетуге мүмкіндік бергеніне тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббтың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас фин халқына бақ-береке тіледі.

Өзгелердің жаңалығы