Мемлекет басшысы энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

2 Наурыз 2022, 19:22
1402
Бөлісу:
Мемлекет басшысы энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Жиынға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары, өңірлердің әкімдері қатысты.  

Кеңеске қатысушылар Қазақстандағы электр энергетикасы саласы мен атом өнеркәсібін дамытудың перспективаларын, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясы тапшылығын шешу мәселелерін қарастырды.

Мемлекет басшысы энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Сонымен қатар теңгерімді тариф саясатын енгізудің нақты аспектілері мен электр энергетикасы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы салаларындағы ірі жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын және қуат өндіруші станцияларды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және саланы цифрландыру, электр желілеріндегі апаттарды азайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Энергетика министрлігі мен Қаржы мониторингі агенттігіне Қазақстандағы заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.

Жиын барысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин және басқалар баяндама жасады.

 

Өзгелердің жаңалығы