Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін! – делінген құттықтауда.
Айта кетейік, Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалында жеңіске жетіп, Мельбурндегі «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанып, мансабында алғаш рет осы атақты жеңіп алды.