Мемлекет басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ақорда 5 Желтоқсан 2024 2024, 23:00
5 Желтоқсан 2024 2024, 23:00
1383
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады.

Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласты.

Наверх