Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады

Кеше, 12:38
228
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының президенті Румен Радевке осы елдің ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Президенті құттықтауында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.

Өзгелердің жаңалығы