Мемлекет басшысы бірақатар мемлекеттік награданы табыстады

16 Қараша 2021, 11:35
1560
Бөлісу:
Мемлекет басшысы бірақатар мемлекеттік награданы табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий құбыр консорциумы қатысушыларының акционерлер келісімшартына қол қойылуының 25 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте мемлекеттік наградаларды табыстады.

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласында ерен еңбек етіп, елдің дамуына үлес қосқан қызметкерлерге мемлекеттік наградаларды табыстады.

Жоғары дәрежелі наградаларға еліміздің мұнай өндіру саласында көп жыл еңбек етіп жүрген еңбек ардагерлері марапатталды.

Тоқаев II дәрежелі «Барыс» орденімен Үкіметпен байланыс жөніндегі директордың орынбасары Қайыргелді Қабылдинге табыстады.

Сондай-ақ шарада Президент I дәрежелі «Достық» ордені, «Құрмет» ордені, III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және Алғыс хаттармен марапаттады.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий Құбыр консорциумының салтанатты ашылуында құттықтау сөз сөйледі.

КҚК жобасының негізін қалауға жеке қатысқан, басты бастамашы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та құттықтау сөз жолдаған.

Өзгелердің жаңалығы