Мемлекет басшысы белгілі журналист Лев Тараковтың жақын-жуықтарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қоғам қайраткері, «Время» газетінің бас редакторы Лев Тараковтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Шығармашылық династияның талантты өкілі Лев Юрьевич отандық журналистиканың дамуына, жас мамандарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Ол әріптестері арасында зор абырой мен құрметке бөленіп, кәсібилік пен өз ісіне адалдықтың үлгісін танытты, – делінген жеделхатта.