Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

1 Қараша 2025, 09:00
369
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз еліңізді араб әлеміндегі және Солтүстік Африкадағы сенімді серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне кәміл сенемін, – делінген құттықтау жеделхатында.

Өзгелердің жаңалығы