Мектепте эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты мониторингі жасалады – Сағынтаев

25 Тамыз 2021, 14:15
2651
Бөлісу:
Мектепте эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты мониторингі жасалады – Сағынтаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тамыз кеңесінде мегаполис мектептерінде офлайн режимде білім беру қалай ұйымдастырылатынын айтты.

«Алматы мектептері постковидтік кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» атты онлайн-форум барысында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа оқу жылында қаланың 287 мектебі 300 мыңға жуық оқушыға есік ашатынын айтты. Бірінші сыныптарға 30 мыңнан астам бала барады.

Жаңа оқу жылы қарсаңындағы маңызды міндеттер – балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасау, балалар мен қызметкерлердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, оқыту-тәрбиелеу процессін сапалы ұйымдастыру, оның ішінде балалардың білімдерін жетілдіру және психологиялық қолдау көрсету.

Осыған орай, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев Білім басқармасына Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаментімен және Қоғамдық денсаулық басқармасымен бірге мектептерде 1 қыркүйектен бастап санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, күнделікті профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуіне және мектептердің қажетті дезинфекциялық және басқа қорғаныс құралдарымен жабдықталуына бақылау орнатылады.

Бұдан өзге, мектептерде науқас балалар анықталған жағдайда оларды кейін қашықтан оқытуға ауыстыру үшін алгоритм әрекеттері  әзірленді. Білім басқармасына ата-аналар қауымдастығымен сапалы кері байланыс орнату, оның ішінде  ата-аналарға кеңес беру үшін  барлық білім беру ұйымдарында «сенім телефондары» мен call- орталықтардың жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Оқытудың дәстүрлі форматына оралудың маңызды шарттарының бірі білім беру саласы қызметкерлерін вакциналау болып табылады. Бүгінде медициналық қарсы көрсеткіштері барларды қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін 33 мыңнан астам қызметкер 100% вакциналанды, - деді Б. Сағынтаев.

1 қыркүйекке дейін жеке білім беру ұйымдарының қызметкерлерін вакциналау аяқталады, қазірдің өзінде 10 мыңнан астам адам немесе 95%-ы екпе салдырды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектептерде және оған жақын аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша профилактикалық шаралар  күшейтілді. Бүгінде барлық білім беру ұйымдары ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген, 239 ұйымда (33 балабақша, 187 мектеп, 15 интернат, 4 колледж), бұл жүйелер Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған.


Өзгелердің жаңалығы