Елімізде қызылшаға байланысты эпидемиологиялық жағдай күрделі. Сол себепті мектептер карантинге жабылуы мүмкін бе? ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қызылша вакцинамен басқарылатын ауру болғандықтан адамдардың басым көпшілігі вакцина алған. Сол себепті карантинге жабылмайды, - деп жауап берді Әзімова ОКҚ-да.
2023 жылдың басынан бастап республикамызда қызылшаның 13 103 жағдайы тіркелді, оның ішінде 83% - 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 2,9% - жасөспірімдер, 14,1% (1854) - ересектер. Қызылшаны жұқтыру жағдайлары барлық өңірде тіркелді. Шымкентте жоғары деңгей байқалды - 2 283, Алматы қаласында - 2 217 жағдай, Жамбыл - 1 605 жағдай, Алматы – 1215 жағдай және Атырау облыстары – 940 жағдай.