Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мектепте ту өртеліп, елтаңба сындырылды: Шенеуніктер мәлімдеме жасады

Бөлісу:
 видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Павлодарда мектепте түсірілген видеода Қазақстанның туы өртеліп, елтаңбасы сындырылған сәттің мән-жайын шенеуніктер түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Анықталғандай, бұл вандализм емес, жарамсыз деп танылған мемлекеттік рәміздерді жоспарлы түрде жою рәсімі болған.

Қалалық білім бөлімі 5 ақпанда М. Жүсіп атындағы мектепте арнайы комиссия Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына сәйкес рәміздерді белгіленген тәртіппен жойғанын хабарлады.

Рәміздерді өртеу және бөлшектеу рәсімі регламентке сай құжатталған, – деп мәлімдеді білім бөлімі.

Шенеуніктердің айтуынша, видео әлеуметтік желіге арналып емес, ішкі есеп үшін түсірілген. Алайда бақылаудың әлсіздігінен жазба интернетке тарап кеткен.

Мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы