Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мектеп шатыры құлап, 4 бала қаза тапты

25 Шілде 2025, 12:20
13876
Бөлісу:
 pixabay.com
VIDEO
Фото: pixabay.com

Үндістанның Раджастхан штатында ескі мектеп ғимаратының шатыры опырылып, төрт оқушы көз жұмды. Тағы 17 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, шатыр құлаған сәтте сыныпта 25-30 бала болған. Қазір үйінді астында қалғандарды құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Раджастхан штатының білім министрі Мадан Дилавардың айтуынша, ғимараттың ескі екені белгілі болған. 

Жергілікті БАҚ пен құтқарушылар үйіндінің астында әлі де адамдар болуы ықтимал екенін хабарлап отыр. Құтқару операцияларына ондаған маман тартылған. Апат орнында полиция мен дәрігерлер де кезекшілік етуде.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Үкімет мектептердің қауіпсіздігін қайта тексеру туралы тапсырма берді.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында мектеп төбесі ортасына түскені хабарланған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы