Мектеп директоры мен бухгалтер 242 млн теңге жымқырған

10 Қаңтар 2024, 20:41
20433
Бөлісу:
Мектеп директоры мен бухгалтер 242 млн теңге жымқырған
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің брифингінде агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

11 желтоқсанда Алматы қаласының Әуезов аудандық соты «№122 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры Смағұлова және мекеменің бухгалтерлері Тілеуқабылова мен Иргебаеваны бюджет қаражатын жымқырғандары үшін кінәлі деп тапты.

Бюджет ақшасын жымқыру жалақыны «Өлі жандар» шоттарына аудару және сотталғандардың карточкалық шоттарына артық белгіленген жалақыны есептеу арқылы жүзеге асқан. Аталған адамдардың қылмыстық әрекеті нәтижесінде мемлекетке 242 миллион теңгеден астам шығын келтірілді, - деді ол.

Сот үкімімен Смағұлова пен Тілеуқабылова әрқайсысы 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды, Иргебаеваға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы