Мектеп асханаларына бірыңғай ас мәзірі енгізіледі

19 Сәуір 2022, 16:42
5023
Бөлісу:
Мектеп асханаларына бірыңғай ас мәзірі енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев тексеріс кезінде бірқатар өңірдегі мектепте ас мәзірінің талапқа сәйкессіздігі анықталғанын айтты.

Атырау, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының білім бөлімдерінде перспективалық ас мәзірінің мектептегі бір реттік тамақтану нормаларына сәйкес келмеуі анықталды. Бұл балалардың теңгерімді және дәруменге бай тағамдарға қол жеткізуіне бөгет болып отыр. Өңірлердің мәліметінше, 15 (21%) білім бөлімі ас мәзіріндегі бұзушылықты жойып, талапқа сәйкес реттеген, - деді комитет басшысы.

Оның айтуынша, сәйкессіздіктер Алматы облысы (5), Қарағанды облысы (3), Жамбыл облысы (4), Ақтөбе облысы (1), Қостанай облысында (1) және Маңғыстау облысын (1) білім бөлімдерінде анықталған.

Мектептегі тамақтандыру сапасының жақсарту мақсатында Жол картасы әзірленді. Бұл құжат өңірлер бірыңғай мәзір енгізуді қамтиды. Бүгінгі күні бірыңғай мәзір Ақмола облысының мен Алматы қаласының Білім басқармаларында бекітілді, - деп толықтырды ол.

Ол комитеттің бақылау жұмыстарының мақсаты қызметкерлерді жазалап, жауапқа тарту емес екенін айтты. Сөзінше, бұл жұмыс балалардың құқығын қорғау саласындағы бұзушылықтардың алдын алуды көздейді.

Бірақ комитеттің жүргізіп отырған профилактикалық шараларына қарамастан балалардың құқығын бұзған 18 адам тәртіптік жауапқа, 5 маман әкімшілік жауапқа тартылды.

Өзгелердің жаңалығы