Мексиканың бұрынғы президенті 100 жасқа келіп қайтыс болды

10 Шілде 2022, 14:36
1233
Бөлісу:
Мексиканың бұрынғы президенті 100 жасқа келіп қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексиканың бұрынғы президенті Луис Эчеверрия Альварес 100 жасқа келіп дүниеден өтті. 

Бұл туралы мемлекет басшысы  Андрес Мануэль Лопес Обрадор Twitter-ге жазды деп хабарлайды Lenta.ru. 

Мексика президентінің айтуынша, саясаткер сенбі күні түнде Куэрнавактағы өз үйінде қайтыс болған. 

Мексика үкіметінің атынан 1970 пен 1976 жылдар аралығында алты жыл бойы елді басқарған Луис Эчеверрия Альварестің отбасына қайғырып көңіл айтамын, - деп жазды  Лопес Обрадор.

Луис Эчеверрия Альварес үкіметі реформалық сипаттағы әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды атқарған. Сыртқы саясатта ол түрлі қоғамдық құрылыммен бейбіт мемлекеттер қағидатын ұстанды. 

Бұрынғы президент рок-музыкамен күресу арқылы есте қалды. 1971 жылы музыканттар үкіметке сын айтқан 300 мыңыншы фестивальден соң саясаткер радиодан рокты трансляциялауға және клубтар мен үлкен сахналарда концерт өткізу тыйым салды. Ол биліктен кеткен соң тыйымдар алынып тасталды.  

Өзгелердің жаңалығы