Мексикаға «Грейс» дауылы қауіп төндіруде

19 Тамыз 2021, 14:14
1250
Бөлісу:
Мексикаға «Грейс» дауылы қауіп төндіруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кариб теңізінде ойран салған «Грейс» атты дауыл Мексикаға жақындап келеді деп хабарлады «Хабар 24». 

Осыған орай аймақтағы Кинтана-Роо штатының бірнеше курортты жерінде қауіптіліктің «сарғылт» деңгейі жарияланды. Қонақ үйлерде тұрақтаған меймандар уақытша баспанаға эвакуацияланды. 

Билік өкілдері жергілікті тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады. 

Дауыл шығыс жағалаудан 475 шақырым жерде. Алдын ала болжам бойынша дауыл Тулум муниципалитетінде «мінез» көрсетуі мүмкін. Сондықтан ол жердегі барлық адам эвакуацияланды, - деді Кинтана-Роо штатының губернаторы Карлос Хоакин.

Өзгелердің жаңалығы