Мексикада шахта құлап, 10 кенші үйінді астында қалды

5 Тамыз 2022, 16:43
944
Бөлісу:
Мексикада шахта құлап, 10 кенші үйінді астында қалды

Мексиканың солтүстігінде шахта құлап, 10 кенші үйінді астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.   

«Хабар 24» таратқан ақпаратқа сәйкес, Мексиканың солтүстігінде көмір шахтасында ауқымды құтқару операциясы жүріп жатыр. Шахтерлер 60 метрдей тереңдікте қалып қойған. Оқиға орнына азаматтық қорғаныс қызметінің қызметкерлері, өрт сөндірушілер және өңірлік полиция келіп жетті. Сұйықтықты сору бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құтқару операциясына жүздеген адам қатысуда. 

Бес шахтерді құтқарып үлгерген, олардың үшеуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Кәсіпорын жұмысын биыл ғана бастаған және жергілікті үкімет шахтаға қатысты бұған дейін ешқандай шағым түспегенін айтып отыр.  

Өзгелердің жаңалығы