Мексикада қалдықтан тыңайтқыш өндіріледі

12 Маусым 2022, 09:52
1368
Бөлісу:
Мексикада қалдықтан тыңайтқыш өндіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикада тамақ қалдықтарын қоршаған ортаға зиянсыз өңдеу жолға қойыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бірегей жоба 4 жыл бұрын қолға алынған. Ол үшін қала іргесінде арнайы полигон ашылған. Тұрғындардан жиналған тағам қалдықтары осы жерде 6 айдай сақталады. Әбден шіріген соң оны тыңайтқыш ретінде бау-бақшаға қолданады. Қазірге дейін жобаға 23 қала қосылған. 

Мексикада қоқыстарды өңдеу шешімін таппай келе жатқан өзекыті мәселе. Ал мына жоба органикалық қалдықтарды қайта өңдеп, жердің құнарлығын арттыруға мүмкіндік береді, - дейді жобаға қатысушы Урета Санчес.

Өзгелердің жаңалығы