Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Археологтар Мексиканың оңтүстігінде майя өркениетіне тиесілі ағаш ескекті тапты. Ғалымдардың пайымдауынша, оған 1000 жылдан астам уақыт болған. Бұл туралы BBC хабарлады.
Оның көлемі 5 фут (1,6 м), ескек толықтай бүтін күйінде майялардың қираған Чичен-Ица қаласының жанындағы тұщы су бассейнінде табылған.
Мексиканың Ежелгі ескерткіштер институтының пайымдауынша, ескекті адамдар су алу үшін немесе ғұрыптық рәсімдерде пайдалаған болуы мүмкін.
Сирек кездесетін жәдігер жаңа туристік темір жол құрылысы кезінде табылған.
Археологтар сол маңды зерттеу барысында сондай-ақ керемика, ғұрыптық пышақ, бассейндегі жартасқа салынған суреттерді тапқан.
Қазір париждегі Сорбонна университетінің мамандары ескектің нақты жасын анықтау үшін көмектесіп жатыр екен. Сондай-ақ оның 3D-моделі жасалады, ол алдағы зертеу жұмыстарын жеңілдете түспек.