Мексикада індет өршіп тұр

9 Қаңтар 2021, 15:19
1445
Бөлісу:
Мексикада індет өршіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикада осымен үшінші күн қатарынан коронавирус жұқтыру деректерінің тәуліктік рекорды тіркеліп жатыр, деп жазды Хабар24. 

Соңғы 24 сағатта елде 14 мың 362 адам қауіпті инфекцияға шалдыққан. Өлім-жітім деректері де аз емес. Бір тәулікте мыңнан астам кісі қайтыс болған. Індеттен ең көп Мехико қаласы зардап шегіп отыр. Науқастардың көптігі сонша, ел астанасындағы ауруханаларда бос орын жоқтың қасы. Өкпені жасанды желдету аппараттары да жетіспей жатқан көрінеді. 

Соңғы 14 күнде вирус жұқтырғандар саны 88 мыңға жетеді. Бұл індет басталғалы бері Мексикада тіркелген деректердің 5 проценті, - дейді Мексиканың бас эпидемиологі Луис Алмониа.



Өзгелердің жаңалығы