Мексикада дәрігер COVID вакцинасынан кейін ауруханаға түсті

3 Қаңтар 2021, 16:32
1436
Бөлісу:
Мексикада дәрігер COVID вакцинасынан кейін ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігер құрысу, бұлшықет әлсіздігі және конвульсиялар байқалды. Сондай-ақ оның тыныс алуы қиындаған.

Мексикада дәрігер Pfizer/BioNTech коронавирусқа қарсы вакцинациясын алғаннан кейін ауруханаға түсті. Ол вакцинациядан бір сағат өткен соң өзін нашар сезінген, деп жазды ТАСС.

Pfizer/BioNTech шығарған COVID-19 вакцинасын алған 32 жастағы дәрігер ауруханада интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Вакцина салдырғаннан кейін оның бойынан тері бөртпесі, конвульсиялар, бұлшықет әлсіздігі және тыныс алудың қиындауы байқала бастады, - делінген елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар науқаста энцефаломиелит - жұлынның немесе мидың қабынуы болуы мүмкін. Бұған дейін дәрігердің триметоприм антибиотигіне аллергиясы бары анықталды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты.

Мексикада дәрігерлерге екпе 24 желтоқсанда жасала бастады. Дәрігерлер алатын Pfizer/BioNTech препаратын санитарлық қауіптерден қорғау жөніндегі Мексика Федералды комиссиясы мақұлдаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы